Видео Сенек ауылында түсірілген.
Кадрларда абысындар бір шаңырақ астында алты келін тұратынын айтады.
- Алты келін бір шаңырақтың астында?
- Иә, екі келін Өзенде, біреу жұмыспен, біз үйдеміз баламен, қалған келіндердің кішкентайлары бар. Үш ағайындыдан тараған балалар ғой. Біз немере келіндерміз осы үйде.
- Екеуміз немере келінбіз. Бірақ туған апам сияқты.
- Бәріміз бірге тұрамыз, ешкім бөлінбейді, бір үйде тұрған соң бір үйдің балаларымыз, дейді келіндер видеода.
««Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса, ат көп» деген осы болса керек», — деп жазды Ернар Алмабек.
Желі қолданушылары ауылдағы жылы көрініске жақсы лебіздерін жазды.
«Абысындар бір-біріне уақыт өте ұқсап кете ме? Мынадай тату абысындардан айналып-ақ кетесің», «Тамаша», «Қандай күшті қыздар,бақытты болыңдар», «Керемет, қарапайымдылық», «Шіркін бәрібір қазақтың қыздары, келіндері мықты ғой, ешкім жетпейді оларға», «Айналайындар-ау, қандай анадан туған десей», — дейді әлеуметтік желідегілер.