Комментарии 0
...комментариев пока нет
Әбілмансұр Серіков алғашқы некесінен екі ұлы барын айтты
«Алғашқы некемнен екі ұлым бар. Ұлым дүниеге келген күні Мұхтар Әуезов театрында актермін. Жаңа жыл уақыты, тышқан рөлін ойнап жүрмін.
Екінші ұлым Алматыда дүниеге келді. Мен ол уақытта Астанада едім. Тұңғышыммен кіндігіміз байланып қалған.
Ұлдарыммен байланыс үзбеймін. Олардың оқуын төлеймін, керек нәрсесін әперемін, ақыл айтатын кезде ақыл айтамын, ұрсатын кезде ұрысамын.
Оған әке ретінде толыққанды құқығым бар. Қынжылатыным, кезінде әкемнен сұраған нәрсемді, өзім балаларыма бере алмай жатқаным.
Әкенің махаббаты, мейірім, көңіл... Алматыға келгеннің өзінде жанында көп бола алмаймын. Түсіріліммен ары-бері шапқылап жүремін. Бірақ әрдайым хабарласып, қолдап жүрем», — деді Әбілмансұр Серіков.