«Бәрінен шаршап кеткенде шыққан еді»: Мұхтар Ханзада «Шаршама» атты хит әннің шығу тарихын айтты

Бағдарламаға берген сұхбатта Мұхтар Ханзада 80 ге жуық ән, 15 бейнебаян жазған соң шығармашылық тоқырауға ұшыраған атап өтті.

«Жазғаның өтпегеннен кейін, көңілің де қала бастайды екен. Сол кездерде Астанадан Алматыға келдім. Пәтер жалдап тұрдым. Тағы 20 жуық ән жаздық. Ақша да таусылды. Анадан, мынадан ақша аламыз. Дархан Дәулет шымкенттік ақын жігіт бауырым бар. «Сөз жазшы, көңілді болсын. Бәрінен шаршап кеттім» дедім. Бөлмесінен жүгіріп шығып 15 минутта сөзін шығарып алып келді. «Тойда зор болады» деді. Маған ұнамады, сөздері де», — деді ол.

Осылайша өнер иесі ән «бәрінен шаршап, тоқырауда жүрген кезде» шыққанын айтты.

Оның айтуынша, досы әнді жаздыруға көндіріп, жарыққа шығарған.

Алайда ән 1 жыл уақыт өткеннен кейін тойда шырқалған.

«Запиське барып жазып көрдік. 1 жыл тұрды. Бейнебаян да түсіріп көрдік. Клипті телеарнаға ақша тауып беріп едік. 15-20 күннен кейін Шымкенттен тапсырыс түсті», — деп баяндап берді музыкант.